2019 жылдың 14 қарашасында облыстық психикалық денсаулық орталығы базасында "Психологиялық көмек көрсету сапасын жақсарту" тақырыбында Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес науқаны аясында Көкшетау қаласының емдеу-алдын алу мекемелерінің психологтары мен әлеуметтік қызметкерлері үшін білім беру семинар-тренингі өткізілді.
Өткізілген жұмыстың негізгі міндеті ЕАМ мамандары үшін бекітілген халықпен АИТВ-жұқпасын емдеу, диагностикалау және алдын алу бойынша жұмысы жөнінде, тәжірибелік дағдыларды пысықтап, өзекті ақпарат беру болды, онда ЖИТС ОО маманы Нурлыбек Конуспаев АИТВ-жұқпасының берілу жолдары және алдын алу шаралары, эпидемиологиялық жағдайы туралы ақпаратты таныстырды, тренинг-жаттығу арқылы қауіпті мінез-құлық тәжірибе кезінде АИТВ жұқтыру қаупін көрсетті.
Семинарда екінші мәселе ЕАМ саласына баса назар аудара отырып, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды стигма және кемсіту мәселесі талқыланды.
Семинардың тәжірибелік бөлімі аясында ЖИТС ОО психологы Маргарита Рыбина "Тиімді кеңес беру негіздері" атты шағын топтарда жаттығуда материалды тәжірибелік бекіте отырып, "Баяу рөлдік ойын: кеңес беру дағдыларын пысықтау" тақырыбына презентация көрсетті.
Іс-шара облыстық психикалық денсаулық орталығының техникалық қолдауымен ұйымдастырылып өткізілді, осы мекеменің мамандары "Сенім" оңалту орталығында Стационарлық емделіп жатқан емделушілерді тарта отырып, дағдарыстық кеңес беру бойынша тәжірибелік іс-шаралар өткізді.