2019 жылдың 19 қарашасында Ақмола облыстық ЖИТС-пен күрес және алдын алу орталығының эпидемиолог дәрігері Асель Балтабаева Көкшетау қаласының № 6 орта мектеп-лицейінің 9-10 сынып оқушыларымен кездесті.
Кездесу барысында АИТВ-инфекциясының берілу жолдары, алдын алу тәсілдері, сондай-ақ АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды стигматизациялау мәселелері талқыланды. АИТВ-инфекциясы мәселелерінде балалардың бірде біреуі түсінбей қалған емес, ал басқа оқушылар үшін көптеген жаңа ақпарат алуға жақсы мүмкіндік пайда болды.
Бүгінгі күні біздің Орталығымыздың алдын алу жұмыстарының жетекші бағыттарының бірі жалпы білім беретін мектеп оқушылары, колледж, жоғары оқу орындарының студенттері арасында АИТВ-инфекциясының алғашқы алдын алу болып табылады, бұл өскелең ұрпақтың өз денсаулығына жауапты мінез-құлық дағдыларын ғана емес, сондай-ақ АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға толерантты қарым-қатынасты қалыптастыруға мүмкіндік береді.