«    Октябрь 2024    »    
ПнВтСрЧтПтСбВс
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
 

Ccылки:

www.mz.gov.kz
Министерство Здравоохранения и социального развития Республики Казахстан


www.caap.info
Центрально-Азиатский Региональный Проект по Контролю СПИД


www.carisa.info
Региональная информационная система по ВИЧ/СПИД


www.plwh.kz
Казахстанский союз людей, живущих с ВИЧ


Телефон доверия: 50-51-01




Жаңалықтар : Ақмола облыстық орталығының мамандары облыстық теледидарда сөз сөйледі

13.11.2019

 

2019 жылдың 12 қарашасы облыстық "Kokshe" телеарнасының "ÁLEÝMET" бағдарламасында ЖИТС АОО-ның емдеу-алдын алу бөлімнің меңгерушісі Сандугаш Бурмаганова және эпидемиологиялық бөлімнің меңгерушісі Батеш Бапенова тікелей эфирде сөз сөйледі.

Орталықтың мамандары бүкіл республика бойынша 2019 жылдың 5 қарашасынан 5 желтоқсанына дейін "Қоғамдастықтардың шешуші рөлі" тақырыбында Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес кампаниясының басталғанын айтып, науқанның мақсаттары мен міндеттерін түсіндірді.

Сонымен қатар олар көрермендер мен бағдарлама жүргізушісінің - аймақтағы АИТВ-инфекциясы жағдайы, АИТВ-ны жұқтырудың негізгі жолы қандай, АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың жынысы, жасы, әлеуметтік құрылымы қандай, тұрғындар арасында АИТВ-жұқпасының таралуын болдырмау үшін қандай шаралар қабылдануда. АИТВ-жұқпасы бар әйел сау баланы дүниеге ала ала ма, АИТВ-мен өмір сүретін адамдар үшін емдеудің тиімділігі қалай бағаланады деген сұрақтарына жауап берді.