2019 жылдың бесінші қарашасында Ақмола облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде республикалық және облыстық БАҚ журналистерінің, білім басқармасы мен жастар саясатының және Ақмола облысы ІІД-нің, облыстық және қалалық жастар ресурстік орталығының, қаланың жоғары оқу орындарының қатысуымен, Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес науқанына арналған «Қоғамдастықтардың шешуші рөлі» ұранымен баспасөз-конференциясы өтті. Дүниежүзілік науқанның мақсаты: қоғамның назарын аударту, салауатты өмір салтын насихаттауды күшейту, жастарды ақпараттандыру деңгейіне ерекше назар аудара отырып, бұқаралық ақпарат құралдарын, заманауи техникалық құралдар мен білім беру нысандарын пайдалана отырып, халыққа АИТВ жұқпасы туралы ақпарат беруді қамтамасыз ету.
«Биылғы жылы ЖИТС-ке қарсы дүниежүзілік науқанның тақырыбы « Қоғамдастықтардың шешуші рөлі». Қоғамдастықтарға тең кеңесшілер, АИТВ-мен өмір сүретін немесе АИТВ - ға қатысы бар адамдар, еркектермен жыныстық қатынас жасайтын ерлер, инъекциялық есірткіні тұтынатын адамдар және секс - бизнес қызметкерлері - халықтың осал топтары кіреді", - деп атап өтті орталықтың бас дәрігері К. Бурмаганов.
АИВ-тың алдын-алу шараларын күшейту үшін ұлттық және халықаралық деңгейде инвестициялар қажет, олар осы топтарды қажетті құралдармен қамтамасыз етеді (мүшеқаптар, жағармайлар, бір рет қолданылатын шприцтер мен инелер) және қызметтер (экспозицияның алдын алу, тестілеу және емдеу). Тиімді алдын алу бағдарламаларды енгізу осал топтар арасында АИТВ-инфекциясының осы топтардың өкілдері арасында таралуын болдырмайды, нәтижесінде негізгі популяцияда АИТВ-инфекциясының қаупін азайтады, - деп қорытындылады спикер.
Сонымен қатар, К.Бурмаганов қатысушыларға Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес науқаны аясында өткізілетін іс-шаралар мен негізгі ережелер туралы айтып берді.
Одан әрі эпидемиологиялық бөлім меңгерушісі Б.Бапенова Ақмола облысы бойынша эпидемиологиялық жағдайдың презентациясын ұсынды. Емдеу-алдын алу бөлімінің меңгерушісі С. Бурмаганова "Тестіле және емде" стратегиясына және ЮНЭЙДС "90-90-90" бағдарламасына толығырақ тоқталып, өңірдегі АИТВ-инфекциясын емдеу саласындағы жетістіктерін айтты. Ал алдын алу жұмысы бөлімінің меңгерушісі З.Хван "Тұрғындардың осал топтары арасында зияндылықты азайту" бағдарламасы туралы айтып берді.
Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес науқаны 2019 жылдың 5 қарашасы мен 5 желтоқсаны аралығында өтеді және 5 желтоқсан күні сағат 16:00-де "Көкшетау" мәдениет сарайында жастар акциясымен аяқталады.