«    Октябрь 2024    »    
ПнВтСрЧтПтСбВс
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
 

Ccылки:

www.mz.gov.kz
Министерство Здравоохранения и социального развития Республики Казахстан


www.caap.info
Центрально-Азиатский Региональный Проект по Контролю СПИД


www.carisa.info
Региональная информационная система по ВИЧ/СПИД


www.plwh.kz
Казахстанский союз людей, живущих с ВИЧ


Телефон доверия: 50-51-01




Жаңалықтар : Ақмола облыстық ЖИТС-пен күрес және алдын алу орталығының 30 жылдығы аясында журналистер мен блогерлер арасында "АИТВ-мен өмір сүру" облыстық байқауын өткізу туралы ЕРЕЖЕСІ:

01.11.2019

 

№ 1 қосымша

 

Ақмола облыстық ЖИТС-пен күрес және алдын алу  орталығының 30 жылдығы аясында журналистер мен блогерлер арасында "АИТВ-мен өмір сүру" облыстық байқауын өткізу туралы ЕРЕЖЕСІ:

 

Ұйымдастырушылар: «Ақмола облыстық ЖИТС-пен күрес және алдын алу орталығы»

Қатысушылар: Байқауға Ақмола облысы аумағында тіркелген журналистер мен блогерлер шақырылады.

 

Тақырып: "АИТВ-мен өмір сүру"

 

Мақсат: бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып, АИТВ-инфекциясы мәселелері бойынша халыққа қолжетімді және сенімді ақпарат беру.

Байқаудың міндеттері:

  • АИТВ-ға тексеруге шақыра отырып, АИТВ- инфекциясының берілу жолдары және алдын алу шаралары туралы халықтың хабардар болу деңгейін арттыру;
  • Салауатты өмір салтын насихаттау;
  • Жауапты адамгершілік-жыныстық, мінез-құлықтардың қауіпсіз дағдыларын дамыту;
  • АИТВ-мен өмір сүретін адамдармен төзімді қарым-қатынасты қалыптастыру;

 

Өткізу мерзімі: Ақмола облыстық ЖИТС-пен күрес және алдын алу  орталығының 30 жылдығы аясында журналистер мен блогерлер арасында "АИТВ-мен өмір сүру" облыстық байқауын 2019 жылдың 1-ші қарашасынан 29-шы қарашасына дейін  өткізіледі.

 

Байқау жұмыстарының талаптары мен шарттары:

1. Байқауға Ақмола облысы аумағында тіркелген журналистер мен блогерлер қатыса алады.

2. Жариялым түрі: мақала, блогта немесе сайтта қазақ немесе орыс тілінде жариялау.

3.  Басылымды 2019 жылдың 29 қарашасына дейін мына akmolprof@mail.ru электрондық поштаға жіберу қажет "Журналистер үшін байқау" деген белгісі бар материалға немесе сканерленген басылымға (онда күні мен көзі көрінетін) белсенді сілтеме түрінде. Сіздің өтініміңізге әлеуетті қатысушының электрондық поштасына жариялымның қабылданғанын растайтын хат келеді.

4. Байқауға тек жеке жұмыстар ғана ұсынылуы мүмкін.

5. Байқаулық жұмыстарды іріктеудегі маңызды критерий олардың мазмұндылығы, ақпараттылығы, өзектілігі, сондай-ақ қаралып отырған мәселе бойынша автордың өзінің пікірі болып табылады.

6.  Байқаулық комиссия қосымша блогта немесе ақпараттық агенттіктер бетінде жариялау кезінде лайктер мен түсініктемелер санын қадағалайтын болады. Сондай-ақ АИТВ-инфекциясының алдын алу, емдеу саласындағы мамандардың сараптамалық бағалауының, пікірлерінің болуы.

 

 Байқау қорытындысын қорыту.

         Байқаулық жұмыстар 03.12.2019 ж. байқаулық комиссия отырысында бағаланады.

 

Марапаттау:

         Байқау жеңімпаздары дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталады: бірінші орын - 30 мың теңге, екінші және үшінші орын - 20 және 10 мың теңге. Марапаттау дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне арналған қорытынды акцияда 2019 жылы 5 желтоқсанда сағат 16-00-де Көкшетау қаласының "Көкшетау" МҮ өтеді.

            Сұрақтар пайда болса, Ақмола облыстық ЖИТС-пен күрес және алдын алу орталығына мына тел. бойынша: 8 (7162) 25-07-54  хабарласуға болады.