«    Октябрь 2024    »    
ПнВтСрЧтПтСбВс
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
 

Ccылки:

www.mz.gov.kz
Министерство Здравоохранения и социального развития Республики Казахстан


www.caap.info
Центрально-Азиатский Региональный Проект по Контролю СПИД


www.carisa.info
Региональная информационная система по ВИЧ/СПИД


www.plwh.kz
Казахстанский союз людей, живущих с ВИЧ


Телефон доверия: 50-51-01




Жаңалықтар : Ақмола облысындағы АИТВ-ның алдын алу және есірткіге тәуелділік туралы ведомствоаралық кеңес

01.11.2019

 

2019 жылғы 31 қазанда Көкшетау қаласының №1 гиманазия орта мектебінде мектеп директорлары мен тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының қатысуымен білім беру жүйесіндегі АИТВ және нашақорлықтың алдын алудың өзекті мәселелері бойынша кеңес өтті. Іс-шараның модераторы Ақмола облыстық ЖИТС-пен күрес және алдын алу  орталығының бас дәрігері К.Бурмаганов сөз сөйледі.

       Кеңеске ЖИТС АОО алдын-алу бөлімінің меңгерушісі З.Хван, AOПДО оңалту бөлімінің меңгерушісі М.Долгопол, қалалық емхана жанындағы СӨСҚО психологы Е.Приходько қатысты.

Орталықтың бас дәрігері кіріспе сөзінде педагогтарды оқытудың интерактивті әдістерін пайдалана отырып, АИТВ-инфекциясының және нашақорлықтың алдын алу іс-шараларын өткізу дағдыларына оқытудың маңыздылығын атап өтті. "Бүгінгі таңда біздің орталық жастармен, ата - аналар қоғамдастығымен, педагогтармен кездесулер белсенді түрде өткізіліп жатыр, алайда оған қарамастан, өңірге синтетикалық есірткінің жаңа түріне ену және осыған байланысты АИТВ-жұқпасымен сырқаттанушылықтың артуы, бұл үйлестірілген бірлескен іс - қимылды талап етеді" - деп қорытындылады бас дәрігер.

ЖИТС ОО-ның алдын алу бөлімінің меңгерушісі З. Хван өз сөзінде Ақмола облысындағы АИТВ жұқпасы бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы, жасөспірімдер мен жастар арасында АИТВ жұқпасы таралғандығы туралы, сондай-ақ оқушылардың, колледждердің студенттері мен облыс орталығының педагогтарының ақпараттану деңгейі туралы ақпарат берді.

М.Долгопол Ақмола облысындағы нашақорлық, психобелсенді заттар туралы баяндады, адам ағзасына синтетикалық есірткінің әсеріне ерекше тоқтады.

Э. Приходько жастар денсаулық орталығының қызметін бейнеэкскурсия арқылы таныстырып, аудиторияны қызықтыратын сұрақтарға жауап берді.

          Кеңес қорытындысында: қазіргі заманғы үрдістер мен сын-қатерлерге бағдар ала отырып, АИТВ-инфекциясы мен нашақорлықтың алдын алу бойынша жастар арасында алдын алу жұмыстарын жандандыру туралы шешім қабылданды.