2019 жылы 24 қазанда Көкшетау қаласының көпсалалы азаматтық қорғау колледжінің жатақханасында АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша студенттермен кездесу өтті.
Ақмола облыстық ЖИТС-пен күрес және алдын алу орталығының маманы Нурлыбек Конуспаев балаларға облыс бойынша жұқтыру жолдары мен алдын алу шаралары, эпидемиологиялық жағдай туралы айтып, "АИТВ" және "ЖИТС" ұғымдарын түсіндірді.
Жаңа синтетикалық есірткіні тұтынушылар арасында АИТВ-жұқпасының жаңа жағдайларының көбеюіне, сондай-ақ қаланың орта-арнайы оқу орындарының студенттері арасында осы ПБЗ-ны пайдалану жағдайларына ерекше тоқталды.
АИТВ жұғу жолдарын көрнекі көрсету үшін стакан суды, крахмал мен йодты пайдалана отырып, АИТВ-инфекциясының тез таралатынын көрсету және адамның денсаулығы көбінесе оның мінез-құлқына байланысты екенін түсіндіру үшін "Кездейсоқ байланыстар" жаттығуын өткізді.
Одан әрі Көкшетау қаласы Жастар ресурстық орталығының маманы Аслан Жумабеков балалармен ЖРО қызметі, жастарға көрсетілетін қызмет түрлері туралы бөлісті.
Кездесу соңында спикерлер аудиторияның сұрақтарына жауап берді.