«    Октябрь 2024    »    
ПнВтСрЧтПтСбВс
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
 

Ccылки:

www.mz.gov.kz
Министерство Здравоохранения и социального развития Республики Казахстан


www.caap.info
Центрально-Азиатский Региональный Проект по Контролю СПИД


www.carisa.info
Региональная информационная система по ВИЧ/СПИД


www.plwh.kz
Казахстанский союз людей, живущих с ВИЧ


Телефон доверия: 50-51-01




Жаңалықтар : Ақмола ЖИТС орталығында 2019 жылғы 9 айының қорытындысы бойынша медициналық кеңес

10.10.2019

 

2019 жылдың 10 қазанында Ақмола облыстық ЖИТС-пен күрес және алдын алу орталығында 2019 жылдың 9 айындағы жұмыс қорытындысы бойынша Медициналық кеңес өткізілді.

Бас дәрігердің орынбасары С. Жаканова өз сөзінде облыста АИТВ-инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы тұрақты емес екенін атап өтті. Таралудың неғұрлым жоғары деңгейі бұрынғысынша Жарқайын, Атбасар, Ақкөл, Ерейментау аудандарында, Степногорск және Көкшетау қалаларында қалып отыр. Ағымдағы жылдың бірінші жарты жылдығындағы ЖИТС ОО-ның эпидемиологиялық жағдайы мен жұмыс нәтижелерін ескере отырып, 3 тоқсан жұмысына негізгі іс-шаралар жоспарына түзетулер енгізілді, онда облыстың ЕАҰ-ға ұйымдастыру-әдістемелік көмек көрсетуге, АИТВ-ның жаңа жағдайларын белсенді анықтауға, АИТВ-инфекциясына қатысты халықтың сауаттылығын арттыруға, Облыстың эпидемиологиялық маңызы бар аймақтарында АИТВ инфекциясының алдын алу бойынша ведомствоаралық және ұйымдастыру жұмыстарын қамтамасыз етуге баса назар аударылды. 90,90,90 стратегияны орындау шеңберінде есепті кезеңде АИТВ-инфекциясын диагностикалауға, есепте тұрған АИТВ-инфекциясын жұқтырғандарды диспансеризациялаумен қамтуды және толық қамтуды арттыруға, АӨСА-дың тиімділік деңгейін арттыра отырып, АРВ-терапияға бейілділігінің күтілетін нәтижесіне қол жеткізуге ерекше назар аударылды, бұл туралы осы көрсеткіштердің оң динамикасы куәландырады. 2019 жылдың үшінші тоқсанынан бастап, ҮЕҰ-мен бірлесіп Көкшетау қаласында "инъекциялық есірткіні тұтынатын адамдар арасында АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша іс-шараларды іске асыру" мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша жоба іске асырылуда.

         Әлеуметтік желілерде (3000-ға жуық жазылушы) ақпараттық-білім беру бағытындағы жарияланымдарды орналастыруға көп көңіл бөлінеді.  

          Денсаулық сақтау басқармасы мен ЖИТС ОО арасында жасалған меморандумның барлық тармақтары, сондай-ақ ҚР "Денсаулық" ДМБ индикаторлары есепті кезеңде орындалды.