«    Октябрь 2024    »    
ПнВтСрЧтПтСбВс
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
 

Ccылки:

www.mz.gov.kz
Министерство Здравоохранения и социального развития Республики Казахстан


www.caap.info
Центрально-Азиатский Региональный Проект по Контролю СПИД


www.carisa.info
Региональная информационная система по ВИЧ/СПИД


www.plwh.kz
Казахстанский союз людей, живущих с ВИЧ


Телефон доверия: 50-51-01




Жаңалықтар : Жастар акциясы

03.12.2015

2 желтоқсан 2015 жылы Ақмола облыстық ЖИТС-пен күрес және оның алдын алу орталығы мәдениет Сарайында «Мақсат бағдарында: АИТВ-мен тұратын адамдардың 90%-ы өзінің АИТВ-дәрежесін біледі; АИТВ-инфекция диагнозы бар адамдардың 90%-ы антиретровирустік терапия алады (бұдан былай АРТ); АРТ алатын адамдардың 90%-ы вирустік тежеуге ие болады» девизімен жастар акциясын өткізіп, оған жалпыбілім мектептерінің, колледждердің оқушылары, ЖОО-ң студенттері, педагогтар, емдеу-алдын алу мекемелерінің басшылары, басқалары - барлығы 600 адам қатысты.

Бейнефильмдермен, викторинамен жастарға АИТВ-инфекцияның жұғу жолдары айтылды. Зал ұсынылған ойындарға, билерге белсенді қатысты.

Айлық барысында Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған облыстық конкурстар өткізілді: жалпыбілім мектептері оқушыларының арасында «Біз тұратын әлемде АИТВ бар, бірақ ол ортамызда болмауға тиіс» атты тақырыпқа ең жақсы суретке конкурс, облыс мектептері және колледждер оқушыларының, мұғалімдер арасында АИТВ-инфекцияның алдын алу бойынша ең жақсы плакатқа, колледждер мен ЖОО студенттері және педагогтар арасында «АИТВ-инфекция біздің өмірде» атты фотоконкурс өтті. Акцияда қорытынды жасалып, 11 жеңімпаз құнды сыйлықтар мен дипломдар алды. Кіреберісте барлық конкурстар еңбектерінен көрме жасалып, ақпараттық-білімдендіру материалы таратылды

Акцияға қатысушылар, шығармашылық ұжымдар өз әндерімен, билерімен АИТВ-инфекциямен күресте ынтымақтастық білдірді, өмірге оң көзқарас көрсетті.