2019 жылдың 24 маусымы Ақмола облыстық М.Жұмабаев ат. ғылыми кітапханасында «Отбасын жоспарлау» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараны ұйымдастырушы - Көкшетау қалалық емханасы жанындағы СӨСҚО.
Дөңгелек үстелдің мақсаты - қоғамның назарын ерте жүктілік және түсік түсіру, жыныстық жолмен берілетін аурулар, АИТВ-инфекциясы туралы ақпарат беру арқылы, отбасы денсаулығын сақтау және нығайту мәселесіне аудару.
Дөңгелек үстелге қатысушылар- ЖИТС АО, Көкшетау қаласының қалалық емханасы, перинаталдық орталық, дерматовенерологиялық қызмет КОА, ТҚСҚБ департаменті, СӨСҚО, ЖДО, Көкшетау қалалық әлеуметтік бейімдеу орталығы, "Ана Үйі" ҚҚ, "Шаңырақ" әлеуметтік-психологиялық және зерттеу орталығы, қоғамдық пікір көшбасшылары, блогерлер.
ЖИТС орталығының гинекологы- Г.Жаксылыкова аймақтағы АИТВ-инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы туралы айтты. АИТВ-мен өмір сүретін адамдар арасындағы отбасын жоспарлау аспектілеріне назар аудара отырып, АИТВ-жұқпасы бар әйелдерде антиретровирустық терапия арқасында бала туып, дені сау болып туылу мүмкіндігі бар екенін атап өтті.
Сонымен қатар, перинаталдық орталықтың бас дәрігерінің орынбасары А.Маханова "Репродуктивті денсаулықты қорғау, ерте жүктілік және аборттар статистикасы", СӨСҚО психологы Э.Куссиева - "Отбасын жоспарлау мәселелері", КОА дерматовенерологы Р. Омарова - "ЖЖБИ алдын алу", "АнаҮйі" ҚҚ директоры К.Джумабекова - "Өмірлік қиын жағдайда жүрген әйелдерге көмек көрсету" және басқалар баяндамаларын оқып, сөз сөйледі.
Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша отбасын жоспарлау, сақтау және нығайтуға бағытталған ұсыныстар әзірленді.