2019 жылдың 15-17 шілде аралығында ЖИТС ОО мамандары Целиноград және Аршалы аудандарына барып, оның барысында №2 КОА, ауданды қемханаларды ңжәне "Жанұя" ТО, "Қосшы" ЦСЗ медициналық қызметкерлері үшін семинарлар өткізілді. Семинарда Ақмола облысында АИТВ-инфекциясының таралуы бойынша эпидемиологиялық жағдай, оның көрсетілген 2 ауданда ерекшеліктері туралы ақпарат берілді.
Медицина қызметкерлерін АИТВ-ны ауруханаішілік жұқтырудың алдын алу мәселелері, АИТВ-ның анадан балаға берілуінің алдын алу мәселелері, АИТВ-инфекциясының жаңа жағдайларын анықтау жөніндегі іс-шараларды жүргізу тәртібі, инфекция ошақтарын эпидемиологиялық тексеру, АИТВ-ны жұқтырғандарға медициналық қызмет көрсету үрдісіндегі персоналдың сақтық шаралары, "Д" есебінде тұрған АИТВ жұқтырғандарды уақтылы және толық диспансерлеуді жүргізудің маңыздылығы және халық арасында санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргізу әдістемелеріне оқыту жүргізілді. Семинар басында және соңында АИТВ/ЖИТС мәселелері бойынша дәрігерлер мен медбикелердің білімін тестілеу өткізілді.