«    Октябрь 2024    »    
ПнВтСрЧтПтСбВс
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
 

Ccылки:

www.mz.gov.kz
Министерство Здравоохранения и социального развития Республики Казахстан


www.caap.info
Центрально-Азиатский Региональный Проект по Контролю СПИД


www.carisa.info
Региональная информационная система по ВИЧ/СПИД


www.plwh.kz
Казахстанский союз людей, живущих с ВИЧ


Телефон доверия: 50-51-01




Жаңалықтар : Көкшетауда 16 мыңнан астам ақпараттық материал дайындалды

04.07.2019

АИТВ туралы халықты ақпараттандыру "ескертілген - бұл қарулы" деп айтылған алдын алудың маңызды және ажырамас бөлігі болып табылады. Ақмола облыстық ЖИТС-пен күрес және алдын алу  орталығының мамандары үнемі оқушылармен, студенттермен, педагогтармен, ата-аналармен, жұмыс ұжымдарымен кездесулер өткізеді, онда АИТВ-инфекциясының берілу жолдары мен алдын алу шаралары қолжетімді түрде түсіндіріледі, сондай-ақ АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қауіпсіз мінез-құлықтың маңыздылығына және толерантты қарым-қатынасты қалыптастыруға назар аударылады.

Алдын алу жұмыстарының басымдықтарының бірі халыққа аудио / бейне, сыртқы жарнама, ақпараттық және оқу материалдарын өндіру және тарату арқылы ақпараттандыру. Сонымен, 2019 жылдың бірінші жартыжылдығында Ақмола ЖИТС орталығы 10 000 бүктеме, 2 000 үнпарақ, 1 520 плакат, 2 500 қалта күнтізбесін дайындады. Көкшетау қаласы, Щучинск қаласы және Красный Яр селосында АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша, 6 баннер дайындалды және орналастырылды. Бес маршрутты автобустардың орындықтарының артқы жағында тестілеуге және АИТВ-ның таралу жолдарына, сондай-ақ облыс орталығында екі автобус брендіне арналған 120 ақпаркестесі орналастырылды.

Барлық шығарылған ақпараттық материалдар облыстың емдеу-алдын алу және білім беру мекемелері бойынша халық арасында алдын алу акцияларында таратылатын болады.