2015 ж. 20 қарашада Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес науқаны аясында Ақмола облысы Шағалалы ауылында «АИТВ біздің өмірімізде» атты жылжымалы акция өтіп, Ақмола облыстық ЖИТС-пен күрес және оның алдын алу орталығының, облыстық СӨСҚ орталығының, ІІД наркобизнеспен күрес басқармасының мамандарымен кездесу болып, АИТВ-инфекцияның, темекі шегудің, нашақорлықтың алдын алу бойынша бейнероликтер көрсетілді. Ниет білдіргендер АИТВ-ға жедел-әдіспен тестен өте алатын болды. Акция барысында «Аптека», «Степной огонь» атты тренингтер өткізілді. Келушілерге ақпараттық-білімдендіру материалдары, жынысқаптар таратылды. Студентер мен педагогтар саны 250 болды.