2019 жылдың 17 мамырында "Тәуелсіздік" орталық алаңында Халықаралық ЖИТС-тен қайтыс болған адамдарды еске алу күніне арналған спорттық эстафетасы өтті. Спорт алаңына бес колледж жиналды: Қазақ гуманитарлық-техникалық колледжінің "Сұңқар" командасы, "Арна" колледжінің "Динамит" командасы, Жоғары медициналық колледждің "КЖМК" командасы, "Бурабай" колледжінің "Чемпиондар" командасы, Жоғары техникалық колледждің командасы.
Іс-шараны Ақмола облыстық ЖИТС-пен күрес және алдын алу орталығының бас дәрігері Курманбек Бурмаганов ашып, қатысушыларға сәттілік пен жақсы көңіл-күй тіледі. Бұдан басқа, қатысушыларға ЖИТС-тен қайтыс болған адамдарды еске алу күнінің мақсаты мен міндеттері және АИТВ-инфекциясының алдын алудың басты факторы ретінде жауапты мінез-құлықтың маңыздылығы туралы айтылды.
Спорттық эстафетада командалар Көкшетау қаласының Жастар ресурстық орталығының балалары әзірлеген тапсырмаларды орындай отырып, ептілік, шыдамдылық, ақылдылыққа жарысты.
Халықаралық ЖИТС-тен қайтыс болған адамдарды еске алу күніне арналған спорттық эстафетада бірінші орынды Жоғары медициналық колледждің командасы, екінші орынды - "Арна" колледжі, үшінші орынды - "Бурабай"колледжі иеленді. Барлық қатысушылар дипломдармен, мақтау қағаздарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды, ал іс-шараның ұйымдастырушысы Көкшетау қаласының Жастар ресурстық орталығы Ақмола облыстық ЖИТС-пен күрес және алдын алу орталығының алғыс хатымен марапатталды.