2019 жылдың 13 мамырында Ақмола облысының Аймақтық коммуникация қызметінде Республикалық және облыстық БАҚ журналистерінің, Білім басқармасының, Ақмола облысының ІІД, Облыстық және қалалық жастар ресурстық орталығының, қаланың жоғары оқу орындары мен басқа да мүдделі ведомстволардың қатысуымен, Халықаралық ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алу күніне орай, "Өмір сүру үшін, есте сақтаймыз!" атты ұранымен баспасөз-конференциясы өтті.
Іс-шараның мақсаты - АИТВ-инфекциясының таралу мәселесіне, әлеуметтік қорғауға, АИТВ-ға оң адамдарды кемсітушілігі мен таңбасына қоғамның назарын аударту.
Баспасөз-конференциясын Ақмола облыстық ЖИТС орталығының бас дәрігері Курманбек Бурмаганов, еске алу күнінің шығу тарихын, оның өткізілу мақсатын, сонымен қатар "Өмір сүру үшін, есте сақтаймыз!" атты ұранымен Республикалық науқаны туралы әңгімелеп ашты. Әрі қарай Зоя Хван 2019 жылдың бірінші тоқсанындағы Ақмола облысының эпидемиологиялық жағдайы бойынша деректерін айтты.
Орталықтың мамандары журналистерді тек шынайы ақпаратты жариялауға, алдын алу шараларын сақтаудың, АИТВ-жұқпасымен өмір сүретін адамдардың таңбасы мен кемсітушілігін болдырмаудың маңыздылығын кең көлемде жеткізуге шақырды.
Сөз сөйлеуден кейін әр түрлі сұрақтар талқыланып, қатысушыларға жауап берілді.