2019 жылдың 18 сәуірінде Ақмола облыстық ЖИТС-пен күрес және алдын алу орталығының бастамасымен облыстық психикалық денсаулық орталығымен (ОПДО) және дерматовенерологиялық қызметпен ведомствоішілік кеңес өткізді. АИТВ-инфекциясының Ақмола облысында таралуы бойынша, эпидемиологиялық жағдай және инъекциялық есірткіні (ИЕТА) тұтынатын адамдарды және жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың белгілері бар адамдарды (ЖЖБИ) АИТВ-инфекциясына анықтау үшін, тестілеумен жеткіліксіз қамту туралы, ЖИТС орталығының эпидемиологиялық бөлімінің меңгерушісі- Б.Бапенова баяндады.
ИЕТА анықтау және оларды АИТВ-ға дер кезінде тексеру жұмыстарын ұйымдастыру туралы, ОПДО орынбасары Г. Мухамедьярова, № 1 және №2 қалалық емханалардың бастапқы денсаулық орталықтарының меңгерушілері А.Сыздықова және З.Байзакова, ИЕТА тізімін нақтылау бойынша рейдтер жүргізе бастағанын, оларды диспансерлік есепке алу және жыл бойы АИТВ-ға екі рет тексеру жүргізгендігі жөнінде сөз сөйледі.
ЖЖБИ белгілері бар адамдарды жеткіліксіз тексеру көбінесе басқа кодпен АИТВ-ға тексерілген адамдардың дерматовенерологтарға келуімен және тестілеуге қайта жіберілмеуімен түсіндірілді.
Кеңес қорытындысы бойынша, Ақмола облысында қалыптасқан жағдайды жақсарту үшін, қызметтердің өзара іс-қимылы бойынша іс-шаралардың жалпы стратегиясы әзірленді.