2019 жылдың 16 сәуірінде Ақмола облыстық ЖИТС-пен күрес және алдын алу орталығы алдын алу жұмысы бөлімінің педагогі А.Кульбаева "Репродуктивті денсаулықты қорғау. Неге жасөспіріммен сөйлесу маңызды?" атты тақырыбында, Көкшетау қаласының №12 ОМ жоғары және орта сынып ата-аналары арасында кездесу өтті.
Спикер ата-аналарды жасөспірімдердің адамгершілік-жыныстық тәрбиесі туралы әңгіме жүргізуге шақырып, ЖЖБИ, АИТВ-инфекциясының берілу жолдары мен алдын алу әдістері туралы айтып, АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың айналасындағыларға қауіпті емес, олармен дос болуға, оқуға және жұмыс істеуге болатынын еске салып айтты.
Сонымен қатар, Ақмола облысы полиция басқармасының есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткінің заңсыз айналымы басқармасының, қалалық емханасы жанындағы салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мамандары сөз сөйледі.
Кездесу соңында ақпараттық-білім беру материалдары таратылды. Барлығы 97 адам қатысты.