Ақмола облыстық ЖИТС-пен күрес және алдын алу орталығы қалалық жастар ресурстық орталығы мен Ювеналды полиция бөлімімен бірлесе отырып 2019 жылдың сегізінші сәуір күні «АИТВ - инфекциясын алдын алу», «Жастар денсаулықты таңдайды!» Көкшетау қаласы жоғарғы көпсалалы азаматтық қорғаныс колледжінің 1-курс студенттерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында педагог Кульбаева А. АИТВ-инфекция мен ЖИТС туралы ұғымдардың айырмашылығы жөнінде, сонымен қатар алдын алу шараларымен таныстырды және жасөспірімдер арасындағы өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға шақырды. Одан әрі психолог К. Андросова жастарға арналған орталығының жұмысымен, саясатымен таныстырып, студенттерді белсенді өмір салтын ұстануға шақырды. Кездесу соңында ақпараттық-ағарту материалдары таратылды.