2019 жылдың 12 наурызында гуманитарлық-техникалық академияда І курс студенттерімен АИТВ-инфекциясының алдын алуы бойынша "Бостандық! Таңдау! Жауапкершілік!" ұранымен кездесу өтті.
Ақмола облыстық ЖИТС-пен күрес және алдын алу орталығы алдын алу бөлімінің социологы Н.Конуспаев аудиторияның назарын жауапты мінез-құлықтың маңыздылығына және өмірлік басымдықтарды дұрыс орналастыруға, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға төзімді қарым-қатынасты қалыптастыруға баса назар аудара отырып, берілу жолдары мен алдын алу әдістері туралы айтты.
Жастар талқылауға белсенді қатысып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды. Дәріске дейін және одан кейін АИТВ-инфекциясы мәселелері бойынша білім деңгейін анықтауға сауалнама жүргізілді.