2019 жылғы 11 наурызда Көкшетау А. Мырзахметов ат.университетінде жастар арасында АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша болашақ әлеуметтік қызметкерлермен семинар-тренинг өтті.
Кездесу барысында Ақмола облыстық ЖИТС-пен күрес және алдын алу орталығының социологі Н. Конуспаев, аймақтағы АИТВ-жұқпасының таралу жолдары мен алдын алу әдістері, эпидемиологиялық жағдайы туралы айтты. Жастар арасында алдын алу іс-шараларын өткізу кезінде неғұрлым тиімді тәртіптерге, әдістерге және технологияларға толығырақ тоқталып өтті. Болашақ мамандармен қарым-қатынас топтық жұмыста ми шабуылы, пікір алмасу және өз позициясын қорғау техникасын пайдалана отырып құрылды. Осының бәрі алынған ақпаратты тиімді меңгеруге ықпал етті