2019 жылдың алтыншы наурызында Ақмола облыстық ЖИТС-пен күрес және алдын алу орталығының эпидемиолог дәрігері А. Балтабаева Ақмола облысы Зеренді ауданы Раздольное ауылының Сенім" есірткіге тәуелді тұлғаларды оңалту орталығының емделушілерімен АИТВ-инфекциясы мәселелері бойынша тренинг өткізді.
Орталықтың маманы аймақта АИТВ-инфекциясын жұқтырудың алдын алу шаралары мен берілу жолдарын, АИТВ жұқтыруына ықпал ететін жағдайларды аудиториямен талдай отырып, эпидемиологиялық жағдай туралы айтып берді. Бұдан басқа, АИТВ-инфекциясының таралуын қалай тоқтату және АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың қандай құқықтары бар деген сұрақтарға жауап берді.
Кездесу соңында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, маманның жауаптарын алуға мүмкіндік алды.