2019 жылдың бірінші наурыз күні Бурабай ауданы Щучинск қаласының мәдениет үйінде, Ақмола облысы полиция департаментінің есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының ұйымдастыруымен "Сенің таңдауың" атты кең ауқымды акция өтті. Акцияға Ақмола облыстық ЖИТС-пен күрес және алдын орталығының, Ақмола облыстық психикалық денсаулық орталығының мамандары және «Сенім» есірткіге тәуелді тұлғаларды әлеуметтік-психологиялық оңалту орталығының емделушілері қатысты.
Ақмола облыстық ЖИТС-пен күрес және алдын алу орталығының маманы А. Кульбаева, Ақмола психикалық денсаулық орталығының психологы А. Альжанова психобелсенді заттарды қолдану кезінде АИТВ-инфекциясын жұқтырудың зиянды әрекеттері мен жұғуы туралы айтып, балаларды салауатты өмір салтын жүргізуге шақырды. Есірткіге тәуелді бұрынғы емделушілер нашақорлықтың не екенін біле тұра, жоғалған уақыт туралы айтып, жастарды есірткінің жауы болуға шақырды.
Акция соңында ақпараттық-білім беру материалдары таратылды.