«    Октябрь 2024    »    
ПнВтСрЧтПтСбВс
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
 

Ccылки:

www.mz.gov.kz
Министерство Здравоохранения и социального развития Республики Казахстан


www.caap.info
Центрально-Азиатский Региональный Проект по Контролю СПИД


www.carisa.info
Региональная информационная система по ВИЧ/СПИД


www.plwh.kz
Казахстанский союз людей, живущих с ВИЧ


Телефон доверия: 50-51-01




Жаңалықтар : "Кемсітушілік заңдарын өзгерту үшін әрекет ет" атты ұраны бойынша 1 наурыз – «Кемсітушілік жоқ» күні аталып өтуде.

01.03.2019

 

"Кемсітушілік жоқ" күні Біріккен Ұлттар Ұйымының АИТВ/ЖИТС жөніндегі Біріккен Бағдарламасы - ЮНЭЙДС-тің бастамасы бойынша 1 наурызда аталып өтіледі.  Осы жылы ЮНЭЙДС Кемсітушілік жоқ деп кемсітушілік заңдарын жою мақсатында әрекет етудің қажеттілігін аса ерекшелікпен айтуда. Кемсітушілік - бұл АИТВ мен ЖИТС-ке байланысты тиімді профилактика мен медициналық күтімді іске асыру жолындағы үлкен тосқауыл. Кемсітушілікке тап болу қорқынышы адамдардың АИТВ-ахуалын емдеуге және ашық айтудан адамдарды ұстап қалады. Кемсітушілік жоқ күні кемсітушіліктің барлық түріне нүкте қою мақсатында ниеттестіктің жаһандық қозғалысын құруға септігін тигізеді.

АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға (АӨА) қатысты стигматизациялау мен кемсітушілік айғақтарын жою өте қиын. Әлемде бұл проблемадан толығымен құтылған ел жоқ. Қазақстан Республикасы АИТВ-инфекциясына осалдылыққа әсер ететін және медициналық қызметтерге АӨА-дың қолжетімділігіне кедергі болатын факторларды жоюға арналған шараларды қабылдайды. Аурудың сипатына байланысты кемсітушіліктің қандай да бір түрін болдырмау туралы мемлекеттік кепілдемелері ҚР Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Кодексінде және  Конституцияда заңнамалық деңгейде бекітілген. Елде АӨА-ға қатысты қоғамда төзімділікті қалыптастыруға бағытталған іс-шаралар үнемі жүргізіліп отырады. Бір жыл бұрын 2018-2019 жылдарға арналған АӨА стигмасы мен кемсітушіліктерімен күресу жөніндегі Ұлттық жоспарға қол қойылды, Алматыда  ЮНЕСКО кластерлік бюросы # АӨА стигмасы мен кемсітушіліктерін  төмендету бойынша ешкім де артық емес жобасын жүзеге асырды.