2019 жылдың 22 ақпанында Көкшетау қаласының Красный Яр ауылындағы «Көкше» Мәдениет үйінде, Ақмола облысы полиция департаментінің есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының, Көкшетау қаласы КҚПБ ювеналды полиция бөлімінің, Ақмола облыстық ЖИТС-пен күрес және алдын орталығының ұйымдастыруларымен "Сенің таңдауың" атты кең ауқымды акция өтті. Акцияға Ақмола облыстық психикалық денсаулық орталығының мамандары және «Сенім» есірткіге тәуелді тұлғаларды әлеуметтік-психологиялық оңалту орталығының емделушілері, сондай-ақ облыстың атақты спортшылары қатысты.
Акцияда қазіргі заманғы хиттер полиция департаментінің қызметкерлері, шығармашылық ұжымдардың орындауында әндер шырқалды. Ақмола облыстық ЖИТС-пен күрес және алдын алу орталығының маманы А. Кульбаева, Ақмола психикалық денсаулық орталығының психологы А. Альжанова психобелсенді заттарды қолдану кезінде АИТВ-инфекциясын жұқтырудың зиянды әрекеттері мен жұғуы туралы айтып, балаларды салауатты өмір салтын жүргізуге шақырды. Есірткіге тәуелді бұрынғы емделушілер нашақорлықтың не екенін біле тұра, өз өлеңдерін оқып, ән шырқап, жоғалған уақыт туралы айтып, жастарды есірткінің жауы болуға шақырды.
ЖИТС АОО мамандары ақпарат бұрышын ашып, онда әрбір адам АИТВ-инфекциясы мәселелері бойынша ақпараттық білім беру материалымен танысып, мамандардан кеңес алып, АИТВ-инфекциясына жедел-тестілеуден өтуге мүмкіндік алды. Жалпы іс-шараға 500-ден астам адам қатысты: жалпы білім беретін мектеп оқушылары, Көкшетау қаласының Красный Яр селосының колледж студенттері.