2019 жылы 15 ақпанда "Жасөспірім-Заң-Қауіпсіздік" жедел-алдын алу іс-шарасы аясында Көкшетау қаласы полиция басқармасының Ювеналдық полиция бөлімі Ақмола облыстық ЖИТС-пен күрес және алдын алу орталығымен, есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес басқармасымен, сондай-ақ конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығымен бірлесіп, Көкшетау қаласы №1 Құрылыс-техникалық колледжінің студенттері арасында кездесу өткізді.
Студенттерге әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылық нормалары, жалған діни ағымдар, есірткі құралдарының зиянды әсері, репродуктивті денсаулықты қорғау және ЖЖБИ, АИТВ-инфекциясының алдын алу туралы ақпарат берілді.
Кездесу барысында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, бейнероликтерді тамашалады. Кездесу соңында ақпараттық-ағарту материалдар таратылды.