2019 жылдың 14 ақпан күні Ақмола облыстық ЖИТС-пен күрес және алдын алу орталығының педагогі А.Кульбаева Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің №1 жатақханада тұратын студенттері арасында дәріс өткізді.
Дәріс барысында, АИТВ-инфекциясының таралу жолдары мен алдын алу әдістерін ұғындырып, сонымен қатар АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды кемсітушілік сұрақтары талқыланды. Сондай-ақ, студенттерге сұрақтарына жауап беріп, ақпараттық материалдарды таратты. Дәріс соңында сауалнама жүргізілді.