2015 ж. қарашаның 10-да Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған айлық аясында Ақмола ЖИТСОО эпидемиологиялық бөлімінің меңгерушісі Бапенова Б.И. Көкшетау қ. Ішкі істер басқармасының басшылығымен және жеке құрамымен семинар-мәжіліс өткізіп, оған 81 адам қатысты.
Мәжілісте Қазақстан Республикасы мен Ақмола облысындағы эпидемиологиялық жағдай жөнінде айтылып, тұрғындардың осал топтары арасында алдын алу бағдарламасының тиімділігі туралы әңгімеленді. Сондай-ақ сауалнама арқылы ІІД қызметкерлерінің ақпараттанғандығы бағаланып, оның деңгейі - 78% құрады.
Ақпараттық-білімдендіру материалы, мүшеқаптар таратылды.