2019 жылы 14 ақпанда "Жасөспірім-Заң-Қауіпсіздік" жедел-алдын алу іс-шарасы аясында Көкшетау қаласы полиция басқармасының Ювеналдық полиция бөлімі Ақмола облыстық ЖИТС-пен күрес және алдын алу орталығымен бірлесіп, Көкшетау қаласы жоғары азаматтық қорғаныс көпсалалы колледжінің студенттерімен кездесу өткізді.
Студенттерге әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылық нормалары, есірткі құралдарының зиянды әсері, репродуктивті денсаулықты қорғау және ЖЖБИ, АИТВ-инфекциясының алдын алу туралы ақпарат берілді.
Кездесу барысында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, бейнероликтерді тамашалады. Кездесу соңында ақпараттық-білім беру материалдары таратылды.