2019 жылдың 30 қаңтар күні Ақмола облыстық ЖИТС-пен күрес және алдын алу орталығы алдын алу бөлімінің педагогы А. Кульбаева Көкшетау қаласының жоғарғы медициналық колледжінде «Жауапты мінез-құлық - АИТВ-дан сақтанудың тиімді жолы» тақырыбында тренинг өткізді.
Тренинг өткізу барысында тәжірибелік дағдыларды қалыптастыру мен дұрыс шешімді қабылдау жаттығуларды өткізді. Өз денсаулығына қауіпті психобелсенді заттардан арылу, ерте жыныстық қатынастардан аулақ болу, «ЖОҚ» деп айта алу сияқты түрлі ситуациялық жағдайлар келтірілді. Сонымен қатар АИТВ-н өмір сүретін адамдарға қатысты адамгершілік қатынасты қалыптастыруды тәрбиелеуге назар аударылды.
Тренинг қызықты да пайдалы өтті. Студенттер АИТВ-инфекция мәселесіне қызығушылықты танытып, өз ойларымен бөлісті. Кездесу соңында қатысушыларға қалталы күнтізбелер мен ақпараттық білімділік материалдары таратылды.