2019 жылдың 29 қаңтар күні Ақмола облыстық ЖИТС-пен күрес және алдын алу орталығы алдын алу бөлімінің педагогы А. Кульбаева Көкшетау қаласының «Арна» жоғарғы колледжінде «Қорықпаудың қажеті жоқ, білу керек!» тақырыбында дәріс өткізді.
1-курс студенттері Қазақстан Республикасы мен облыс бойынша АИТВ-инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы туралы ақпарат алып, оқыту бейнефильмді тамашалап, презентацияны талқылады. Сонымен қатар АИТВ-инфекциясы жайлы сауалнаманы толтырды.
Кездесу соңында қатысушыларға қалталы күнтізбелер мен ақпараттық білімділік материалдары таратылды.