2019 жылдың 21 қаңтар күні Ақмола облыстық ЖИТС-пен күрес және алдын алу орталығы алдын алу бөлімінің педагогы- А. Кульбаева, №5 «Таңдау» мектеп-гимназиясының бастауыш сынып оқушыларының ата-аналарымен «АИТВ-инфекциясын алдын алу» тақырыбында кездесу өткізді.
Педагог инфекцияның таралу жолдары мен алдын алу әдістерімен танысып, АИТВ-мен өмір сүретін адамдар айналамыздағылар үшін қауіпті емес, олармен дос болуға, оқуға және жұмыс істеуге болатындығын әңгімеледі.
Сонымен қатар ата-аналарды жеткіншектермен моральдік-жыныстық тәрбиесі жайлы, ақыл-кеңестерімен бөлісуге шақырды. Өйткені жанұя әр балаланың өміріндегі басты тірегі мен білім бұлағы болып келеді.
Кездесу соңында қатысушыларға қалталы күнтізбелер мен ақпараттық білімділік материалдары таратылды. Барлығы 48 адам қатысты.