Ведомствааралық серіктестік аясында 2019 жылдың тоғызыншы қаңтарында Ақмола облыстық ЖИТС-пен күрес және алдын алу орталығының педагогы А. Кульбаева «АИТВ инфекциясын алдын алу» тақырыбында Көкшетау қаласы №8 орта мектебінің мұғалімдерімен семинар өткізді.
Іс-шара барысында АИТВ инфекциясының таралу мен алдын алу жолдары, аймақтағы эпидемиологиялық жағдайы, оқушылар арасындағы АИТВ инфекциясының тиімді алдын алу шаралары мен АИТВ инфекциясымен өмір сүретін адамдарға төзімділік қарым-қатынасы жайлы сұрақтар қозғалды. Бейнероликтер ұсынылып, АИТВ/ЖИТС туралы сауалнама өткізді. Мұғалімдерге оқыту бейнероликтері мен презентациялары таратылды.