2018 жылдың 17-18 қараша күндері Көкшетау қаласында М.Ғабдулин атындағы "Karate kids"дәстүрлі ашық облыстық турнирі өтті. Қала мектептері мен балабақшаларынан 115 спортшы өз шеберліктерін көрсетті.
- Біз бұл турнирді жаңа бастаған спортшыларға бағыттаймыз, олар үлкен жетістіктерге, дәл осындай кішкентай жарыстардан жолдама алады, - деп түсіндірді ҚР спорт каратэ федерациясының президенті Руслан Дүкенбаев.
Іс-шара аясында "ЕҢ ҮЗДІК КАТА", "ЕҢ ҮЗДІК КУМИТЭ", "ЖЕҢІСКЕ ҰМТЫЛҒАН ҮШІН" аталымдары бойынша үш кубок және дипломдарды Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес кампаниясы аясында Ақмола облыстық ЖИТС-пен күрес және алдын алу орталығы бекітті.ЖИТС орталығының алдын алу бөлімінің маманы Н. Қоныспаев турнирдің ашылуына және марапаттау рәсіміне қатысты. Алдағы уақытта Көкшетау қаласында республикалық турнир өтеді. Оларға татамиде жаңа жеңістер тілейміз!