2018 жылдың 16 қарашасында Көкшетау қаласының "РИО" сауда ойын-сауық орталығында Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес кампаниясы аясында, Ақмола облыстық ЖИТС-пен күрес және алдын алу орталығы, Ақмола облысының Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті және қалалық емхана жанындағы Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы ұйымдастырған "Болашаққа қадам" акциясы өтті. Сауда орталығының бірінші қабатында "Денсаулық қалашықтары" ұйымдастырылды, онда әрбір ниет білдіруші өзінің АИТВ-мәртебесін біліп, жылдам әдіспен тексеруден өтіп, қандағы глюкоза мен холестерин деңгейін, артериялық және көз қысымын, бойы, салмағын өлшей алды, ал қажет болған жағдайда мамандардың кеңесін алды. Іс-шара "Думан" педагогикалық отрядының әсерлі шоу-бағдарламасымен сүйемелденді.Ал жоғары медициналық колледж студенттері жүрек-өкпе реанимациясын көрсетті. Іс-шараға барлығы 70-тен астам адам қатысты, олардың барлығы тақырыптық бүктемелер мен парақшалар алды.