Ақмола облыстық ЖИТС-пен күрес және алдын алу орталығы, 2018 жылғы 14 қарашасында сағат 11.00-де республика бойынша, латыннегізді өткен жалпыхалықтық диктантқа қатысты.
Бұл науқанның негізгі мақсаты: латыннегізді қазақ тілі әліпбиінің, практикалық тұрғыда меңгерілуін жан-жақты қамту, нақтылай түсу, өзін-өзі бағалау, бейімделу.
Орталықтың медициналық қызметкерлері қызығушылық пен әліпбидің жаңа әріптерін ынталарымен жазып, бұл ретте әркім барынша дәл және аудиотмәтінді қағазға дұрыс көрсетуге тырысты. Бұдан басқа ұйымдастырушылар, emle.kz, tilalemi.kz. сайттағы мәтіннің дұрыс нұсқасын қарап, өзін-өзі бағалау мүмкіндігін қарастырды.
ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Жомарт Айменовтың, Sputnik Қазақстан ақпарат агенттігіне берген сұхбатында, "Бұл латын әліпбиін кеңінен тарату мен таратуға бағытталған бірінші жалпыреспубликалық акциясы. Біз қазақ тілінің жаңа кестесін, қоғамның қалай қабылдайтынын талдау үшін диктант өткізуге бастамашылық жасадық. Біз диктант үшін бағаны қарастырмаймыз"- деп, атап өткен болатын.