2018 жылдың 14 қараша күні «Шаңырақ» әлеуметтік-психологиялық және зерттеу орталығы» қоғамдық қоры, Ақмола облыстық ЖИТС-пен күрес және алдын алу орталығы «Жарқын болашақ үшін!» тақырыбында Чайкино селосының №15 негізгі жалпы білім мектебінің оқушылары мен педагогтармен кездесу өткізді.
Облыстық ЖИТС-пен күрес және алдын алу орталығының қызметкері Шарипова Ж. адамгершілік-жыныстық тәрбие туралы, АИТВ инфекциясының таралу жолдары мен алдын алу шараларымен таныстырып өтті. Және де АИТВ инфекциямен өмір сүретін адамдардың кемсітуінің болдырмауына шақырды. Кездесу соңында оқушылардың сұрақтарына жауап беріп, ақпараттық-ағарту материалдар таратты. Педагог Кульбаева А. оқытушылар арасында АИТВ инфекциясының таралу мен алдын алу жолдары, аймақтағы эпидемиологиялық жағдайы, оқушылар арасындағы АИТВ инфекциясының тиімді алдын алу шаралары мен АИТВ инфекциясымен өмір сүретін адамдарға төзімділік қарым-қатынасы жайлы сұрақтар қозғалды.