2018 жылдың 13 қараша күні «Шаңырақ» әлеуметтік-психологиялық және зерттеу орталығы» қоғамдық қоры, Ақмола облыстық ЖИТС-пен күрес және алдын алу орталығы «Ерте жүктіліктің қауіптілігі. ЖЖБИ, АИТВ инфекциясын алдын алу» тақырыбында С. Садвақасов атындағы Агро-экономикалық институтының студенттерімен кездесу өткізді.
Облыстық ЖИТС-пен күрес және алдын алу орталығының педагогі Кульбаева А.Е. адамгершілік-жыныстық тәрбие туралы, жыныстық жолмен берілетін аурулардың, АИТВ инфекциясының таралу жолдары мен алдын алу шаралары, аймақтағы эпидемиологиялық жағдайы мен АИТВ инфекциясымен өмір сүретін адамдарға төзімділік қарым-қатынасы жайлы сұрақтар қозғалды. Өз кезегінде студенттер аталған іс шараға белсенділік танытып, қойылған сұрақтарына жауаптарын алды. Соңында тыңдаушыларға ақпараттық-ағарту материалдары таратылды.