Ағымдағы жылдың қыркүйек айынан бастап республикада күзгі әскері шақырулар басталды.
Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы кампаниясының аясында 2018 жылдың 12 қараша күні болашақ Отан қорғаушылар арасында АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша кездесу өтті.
Кездесу барысында қатысушылар АИТВ-инфекциясының берілу жолдары, алдын алу шаралары туралы мәлімет алды. Сонымен қатар, қауіпсіз мінез-құлық, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты дискриминация және стигматизация бойынша сұрақтарға жауап берілді. Осындай кездесулер жоспар бойынша әскерге шақыру комиисиясы мерзімінің соңына дейін жалғасатын болады.