28 қазан 2015 жылы Ақмола облыстық ЖИТС-пен күрес және оның алдын алу орталығының мамандары селекторлық тәртіпте аудандық буындағы және Степногорск қ. СӨСҚ, АИТВ/ЖИТС бойынша жауапты бас дәрігерлердің орынбасарлары, госпитальдік эпидемиологтар, жауапты дәрігерлер үшін семинар өткізді. 56 адам қатысты.
Бас дәрігер Қ. Бурмаганов семинардың мақсаты туралы айтып берді: ЖИТС РО-ң 22.07.2015 жылғы № 39 «Медициналық ұйымдардың госпитальдік эпидемиологтары үшін АИТВ-инфекция сұрақтары бойынша әдістемелік нұсқаунамалар бекіту туралы» бұйрығын орындау мақсатында әдістемелік көмек көрсету және АИТВ-инфекцияны дер кезінде анықтау және барлық қатысты қызметтердің тұрғындардың скринингін ұйымдастыруда, өткізуде өзара іс-әрекет жасау.
ЖИТС ОО ұйымдастыру-әдістемелік бөлімінің меңгерушісі С.Ашимова аудандық деңгейде АИТВ/ЖИТС-ң алдын алу бойынша жұмысты ұйымдастыруда негізгі бөлімдерін айтып берді. Эпидемиологиялық бөлімнің меңгерушісі Б. Бапенова стационар деңгейінде АИТВ-инфекцияны дер кезінде анықтау және ПМСП ұйымдардастыру сұрақтарын толық баяндады. Емдеу-алдын алу бөлімінің меңгерушісі Г.Жаксалыкова клиникалық көрсеткіштер бойынша АИТВ-ға тұрғындарды скринингтеуді ұйымдастыру, АИТВ-жұқтырғандарды диспансерлеуді ұйымдастыру және өткізу, АИТВ-инфекцияны вертикальдік жолмен - анадан балаға жұқтырудың алдын алу, медициналық қызметкерлердің байланыстан кейін алдын алу сұрақтарына тоқтап өтті. Орталықтың психологы А.Бабагулова психоәлеуметтік кеңесті қалай беру туралы айтып берді. Алдын алу бөлімінің меңгерушісі З. Хван облыс тұрғындарының арасында алдын алу жұмысын талдады, 2015 жылғы қарашаның 10-нан желтоқсанның 10-на дейін Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған айлықты өткізу сұрағына назар аударып, жұмыстың осы бөлімінің кемшіліктеріне тоқтады. Дәрігер-лаборант М.Ташметова диагностиканың преаналитикалық кезеңінің ережесін, зерттеуге биоматериалды жолдаудың тәртібін және мерзімін еске салды.
Облыстық СӨСҚ орталығының валеолог-психологы М. Рыбина АИТВ/ЖИТС бойынша салауатты өмір салтын қалыптастыру жөніндегі жауапты мамандар және тұрғындар арасында санитарлық-ағарту жұмысын өткізу бойынша жауапты дәрігерлер жұмысын үйлестіру туралы ашып берді.