Ведомствааралық серіктестік аясында 2018 жылдың 29 қазанында Ақмола облыстық ЖИТС-пен күрес және алдын алу орталығының педагогы А.Е.Кульбаева, «АИТВ инфекциясын алдын алу» тақырыбында Ақмола облысының №1 орта мектеп-гимназияның мұғалімдерімен семинар өткізді.
Іс-шара барысында АИТВ инфекциясының таралу мен алдын алу жолдары, аймақтағы эпидемиологиялық жағдайы, оқушылар арасындағы АИТВ инфекциясының тиімді алдын алу шаралары мен АИТВ инфекциясымен өмір сүретін адамдарға төзімділік қарым-қатынасы жайлы сұрақтар қозғалды. Бейнероликтер ұсынылып, АИТВ/ЖИТС туралы сауалнама өткізді. Мұғалімдерге оқыту бейнероликтері мен презентациялары таратылды. Аталған семинарлар қаланың басқа да мектептерінде өтеді.