2018 жылдың 11 қазанында Ақмола облыстық ЖИТС-пен күрес және алдын алу орталығы, Ақмола облысының білім басқармасы, Көкшетау қалалық білім бөлімі, Ақмола облыстық психикалық денсаулық орталығы, қалалық емхана жанындағы Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының қатысуымен, «АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша, негізгі қырлары: білім жүйесіндегі мәселелері мен шешімдері» атты ведомствоаралық кеңес өткізді.
Кеңестің модераторы болып, ЖИТС ОО алдын алу бөлімінің меңгерушісі- З.Хван, Ақмола облысындағы АИТВ-инфекциясы бойынша, эпидемиологиялық жағдайларды, жастар мен жасөспірімдер арасында АИТВ-инфекциясының таралуы жөнінде әңгімеледі. Бірыңғай алдын алу шараларын өткізу бойынша, органдардың өзара әрекеттесуін күшейтуге шақырды.
Әрі қарай ЖИТС АОО социологы Н.Конуспаев «Соңғы үш жылдағы Көкшетау қаласының жалпы білім беру мекемелеріндегі оқушылар арасындағы сауалнамалардың нәтижесі» атты тақырыбында баяндамасын оқыды. Өзінің баяндамасында АИТВ-инфекциясы бойынша, оқушылардың ақпараттылығы жоғары деңгейге оңтайланғанын баса белгіледі. Сонымен қатар оқушылардың хабардарлығының жоғары деңгейі жөнінде, тәжірибелік ұсынымдарымен таныстырып және дәрісханадағы сұхбаткерлерге қиындық туғызатын сұрақтарға назарын аударды.
Білім басқармасының тәрбиелік жұмысы мен қорғаншылық және қамқоршылық бөлімінің бас маманы -А.Магавина, өз кезегінде АИТВ/ЖИТС-тың алдын алуы бойынша, іс-шаралардың кешенді өткізілуі маңызды екендігін белгіледі. Әрі қарай серіктестікте, педагогтармен және ата-аналармен алдын алу жұмыстарында онлайн-конференцияларын өткізуде ұсыныстарын енгізді. Қалалық емхананың жанындағы СӨСҚО мамандары мен АОПДО У. Тен және дәрігер А.Бекеев, сондай-ақ алдын алу жұмысында кешенді көзқарастары мен бірлесіп серіктесудегі ұсыныстарын қолдады.
Кеңестің қорытындысы бойынша, салауатты өмір салтын қалыптастыру мен репродуктивті денсаулықты қорғауда, АИТВ-инфекциясының алдын алуында шараларды белсендіру жөнінде, ұсыныстар енгізілді. Атап айтқанда, мектеп, колледж педагогтарымен, медициналық қызметкерлерімен және ата-аналарымен оқыту семинарларын жүргізу, аудандық білім беру бөлімдерімен АИТВ-инфекциясының алдын алуы бойынша, онлайн-конференцияларын өткізу бойынша жұмыстарды жалғастыру.