2018 жылдың 25 қыркүйегінде Көкшетау қаласының №1 Сервистік-техникалық колледжінде студенттер мен педагогтардың арасында ақпараттық-білімділік акциясы өтті.
Осы іс-шараның мақсаты - АИТВ-инфекциясы көзқарасына жастарды қауіпсіз жауапты мінез-құлыққа назарларын аударту, сонымен қатар АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға шыдамды қатынастарын дамыту. Акция барысында жастар орталықтың мамандарымен кеңесіп, ақпараттық-білімділік материалдарын алып және жедел тестілеу әдісімен АИТВ-ға талдау жасауға мүмкіндік алды. Сондай-ақ тестілеуден 21 адам өтті. Бұдан басқа колледж холлының LED-экранында бейнероликтер көрсетілді.
Акцияға 100-ден астам студенттер және оқытушылар қатысты.