2018 жылдың оныншы қыркүйекте Ақмола облысының ЖИТС-пен күрес және оның алдын алу орталығының мамандары Көкшетау техникалық институтының бірінші курс курсанттарымен кездесу өткізді. Н.Конуспаев, алдын алу бөлімінің социологі, болашақ құтқарушыларға АИТВ таралу жолдарымен таныстырып, қатысушылармен бірлесе отырып жұқтырылатын жолдардың алдын алу іс-шараларын талқылады, АИТВ мен ЖИТС ұғымдарын ажыратты. Сонымен қатар қатысушылардың көптеген сұрақтарына, сондай-ақ АИТВ жұқпасының белгілері туралы, осы аурумен неше жыл бойы өмір сүре алатындығы мен емдеу әдістері бар ма сияқты сұрақтарға жауап берді.
А. Кульбаева маманы жастар арасындағы жыныстық тәрбиелік мінез-құлықты ұстану, қауіпті мінез-құлықтардың апарар ауруларымен таныстырып, өз денсаулығын зер салып және өзіндік қаситеттерін ұстануға шақырды.
Кездесу соңында орталық мамандары қорытындыға келіп, жастардың арасында АИТВ-инфекциясы - бұл мінез-құлық ауруы, және мүшеқапсыз жыныстық қатынас, арақ ішу мен есірткі тұтыну, сонымен қатар өз денсаулығына мән бермеу сияқты қауіпті мінез-құлықтары жағымсыз жағдайларға әкеліп соғатынын дәлелдеді.
Іс-шараға 80-нен астам курсанттар қатысып, АИТВ жұқпасы туралы арнайы саулнамадан өтті.