«    Октябрь 2024    »    
ПнВтСрЧтПтСбВс
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
 

Ccылки:

www.mz.gov.kz
Министерство Здравоохранения и социального развития Республики Казахстан


www.caap.info
Центрально-Азиатский Региональный Проект по Контролю СПИД


www.carisa.info
Региональная информационная система по ВИЧ/СПИД


www.plwh.kz
Казахстанский союз людей, живущих с ВИЧ


Телефон доверия: 50-51-01




Жаңалықтар : Ақмола ЖИТС орталығындағы ведомствоаралық кеңес

13.09.2018

2018 жылдың 12 қыркүйегінде Ақмола облыстық ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығында Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Б. Әбішевтің қатысуымен «Ақмола облысында ИЕТА арасында АИТВ-инфекциясының таралуына жол бермеу жөнінде қызметтердің өзара іс-қимылы туралы" ведомствоаралық кеңес өткізілді. Орталықтың бас дәрігері К. Бурмаганов кеңесінің модераторы болды.

Кеңес жұмысына ІІД ЕБҚКБ басшысы М. Жапбасов және Ақмола облысы ІІД ЖПҚ аға инспекторы А. Сыздықова, облыстық ҚДСД басшысының эпидемиологиялық мәселелер жөніндегі орынбасары С. Омаров, Ақмола облыстық наркологиялық қызмет бойынша бас дәрігерінің орынбасары Г. Мухамедьярова және нарколог дәрігерлер: Степногорск қаласынан Г. Марванова, Бурабай ауданынан Г. Жұмабаев, Көкшетау қаласынан Б. Ғабдуллина, З. Байзакова, Б. Әлібаева, аутрич қызметкері қатысты.

ЖИТС ОО эпид бөлімінің меңгерушісі Б. Бапенова инъекциялық есірткіні қолданатын тұлғалар арасында Ақмола облысында АИТВ-жұқпасының эпидемиологиялық жағдайының күрделенуі туралы баяндады, ИЕТА арасында АИТВ-жұқпасының алдын алу мәселелеріне тоқталды.

Г. Мухамедьярова Ақмола облысындағы нашақорлық, психикалық белсенді заттарды қабылдайтын ИЕТА, олардың есірткіге тәуелділік психикалық денсаулықтарына әсер етуімен ерекшеліктері, опоидті алматыру терапиясы, АИТВ-инфекциясына ИЕТА тексерудегі және диспансерлік есепке қоюдағы қиындықтар туралы айтып берді. Степногорск аймағында және Бурабай ауданында нашақорлық бойынша жағдайлар талқыланды.

М. Жапбасов Ақмола облысы аумағында психобелсенді заттардың таралуына қарсы әрекет етуге бағытталған іс-шаралар туралы баяндады.

Кеңес қорытындысында: барлық қызметтерге Ақмола облысының ИЕТА арасында АИТВ-инфекциясының, психоактивті заттардың таралуына жол бермеу бойынша өзара іс-қимылды күшейту, халықтың негізгі топтары арасында алдын алу жұмыстарын жандандыру туралы шешім қабылданды.