АИТВ-инфекциясының жаңа жағдайларының пайда болуының маңызды аспектілерінің бірі - халықтың ақпараттандыруы болып табылады: егер адам АИТВ алдын алу шараларымен таныс болса, онда инфекцияға ықпал ететін өмірлік қауіпті жағдайлардан аулақ болатыны сөзсіз, және де АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты кемсітушілікке жол бермейді.
Осыған байланысты Ақмола облыстық ЖИТС-пен күрес және алдын алу орталығында арнайы ақпараттық аймақ орнатылған, онда әрбір адам анонимді сауалнамадан өтіп, ауру жайлы өз білім деңгейін біле алады, сауалнаманы толтырған соң арнайы белгіленген жәшігіне түсіріп электрондық пошта немесе Whatsapp арқылы өз жауабың ала алады. Сонымен қатар тұрғындар ақпараттық-ағарту және бейнематериалдармен таныса алады. 2018 жылдың тамыз айында орталықта 28 адам сауалнамадан өтті. Сауалнама қатыскандардың ішінде жасы кіші респондент 16-ы жаста болса, үлкені 50 жаста. Сауалнамаға көбіне ер адамдар қатысты, 20 ер адам қатысса, қалғаны нәзік жанды әйелдер қауымы болды. Ақпараттың орташа деңгейі 93,5% құрады, онда 17 адам барлық сұрақтарға дұрыс жауап берді.
Тестіленген мәліметтерге сәйкес, АИТВ және ЖИТС туралы ақпаратты көбіне интернет желіден алса, екінші және үшінші орында теледидар мен буклеттер, брошюралар болып табылады.