Ақмола облыстық ЖИТС-пен күрес және алдын алу орталығымен 2018 жылдың сегізінші тамызында, 2018 жылдың бірінші жарты жылдығының қорытындысы бойынша, аудандық емдеу мекемелерімен селекторлық тәртіпте семинар-кеңес өткізілді.
ЖИТС ОО мамандарымен облыстық АИТВ-инфекциясы бойынша, эпидемиологиялық жағдайларына, аудандық медициналық ұйымдары деңгейінде АИТВ жұқтырғандарды диспансерлеуді ұйымдастыру, АИТВ жұқтырған жүкті әйелдері мен балалары туралы шолу жасалды. Сонымен қатар біраз мәселе сұрақтары талқыланды:
- облыстық қалалар мен аудан тұрғындарын АИТВ-инфекциясына тестілеуді төмен қамту, клиникалық көрсеткіштері бойынша, әсіресе халықтың осал топтары мен адамдарына ерекше көңіл аудару;
- аудан ауруханаларын байланыстан кейінгі, алдын алуда дәрі-дәрмекпен және Анадан балаға АИТВ таралудың алдын алу, АИТВ-инфекциясына жедел-тестілеулермен қамтамасыз етілу;
- Аудандарға уақытында АИТВ жұқтырғандарға АРВ дәрі-дәрмектерін жеткізу;
- ЖИТС ОО АИТВ-ға зерттеуге жеткізілгіен жолдама құжаттары мен биоматериалдарының сапалылығын қамтамасыз ету.