Ақмола облыстық ЖИТС-пен күрес және алдын алу орталығымен 2018 жылдың жетінші тамызында, 2018 жылдың бірінші жарты жылдығының қорытындысы бойынша семинар-кеңес өткізілді, оған АМСК бойынша бас дәрігерлердің орынбасарлары, Көкшетау қаласы медициналық ұйымдарының АИТВ-инфекциясының сұрақтары бойынша, үйлестіру жұмыстарына жауапты дәрігерлер шақырылды.
ЖИТС ОО мамандарымен облыстық АИТВ-инфекциясы бойынша, эпидемиологиялық жағдайларына, АИТВ жұқтырған жүкті әйелдері мен балалары туралы шолу жасалды. Сонымен қатар біраз мәселе сұрақтары талқыланды:
- Халықты АИТВ-инфекциясына тестілеуді қамту, клиникалық көрсеткіштері бойынша, халықтың осал топтары мен адамдарына ерекше көңіл аудару;
- Қаланың медициналық ұйымдарында байланыстан кейінгі, алдын алуда дәрі-дәрмекпен және АИТВ-инфекциясына жедел-тестілеулермен қамтамасыз етілу;
- АИТВ-инфекциясына зерттелуде, талдау алдындағы кезеңнің сапасын қамтамасыз ету.