Ағымдағы жылдың шілдесінде мектеп оқушыларының арасында ақпараттық-білімділік жұмысын өткізу мақсатында, Ақмола облыстық ЖИТС орталығының маманы Жанагуль Шариповамен және СӨСҚ орталығы мен облыстық психикалық денсаулық дамыту орталығының өкілдерімен, Бурабай және Зеренді аудандарының «Дискавери -Боровое»,
М. Ғабдуллин атын. «Лесная сказка» және «Сұңкар» балаларды сауықтыру орталықтарына шығу жүзеге асырылды.
Дәріс барысында салауатты өмір салтының ережесі туралы, АИТВ-инфекциясы мәселесі, таралуы мен пайда болуы жөнінде ақпарат беріліп, ойламаған қауіпті мінез-құлыққа ерекше тоқталды. Сонымен қатар АИТВ жұқтырғандармен қарым-қатынаста таңба мен кемсіту туралы және АИТВ жұқтырған адамдармен тұру қауіптілігі мүмкін екендігі жөнінде ақпараттар берілді. Берілген ақпараттар бойынша, білімдерін қорытындылай келе, балалармен белсенді диалог және ойын түрінде тренинг өткізілді.
Іс-шараның соңында балалар ақпараттық-білімділік материалдарын - бүктемелер мен үнпарақтарды алды. Облыстық балаларды сауықтыру орталықтарында ақпараттық жұмыстар, жазғы маусымның соңына дейін жалғасады.