2018 жылдың 18 мамырында Көкшетау қаласының «Рио» сауда ойын-сауық орталығында, Ақмола облыстық ЖИТС-пен күрес және алдын алу орталығы, Ақмола облысының қоғамдық денсаулық сақтау департаменті және қалалық емхана жанындағы салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мамандарымен Халықаралық ЖИТС-тен қайтыс болған адамдарды еске алу күніне арналған, акциясы өткізілді.
Акцияға 100-ден астам адам қатысып, олардың барлығы жедел-тестілеу әдісімен, өздерінің АИТВ жағдайын тексеруге, сонымен қатар антропометриялық өлшеулерден өтуге, қандарындағы глюкоза және холестерин мөлшерін білуге және де мамандардан кеңес алуға мүмкіндік алды.
Акцияның барлық қатысушылары бүктеме, үнпарақ түрінде ақпараттық-білімділік материалдарын алды.