Ақмола облыстық ЖИТС-пен күрес және алдын алу орталығымен «АИТВ-инфекциясының бизнеске әсер етуі» ДЭФ БЖЖИ индикаторларының көрсеткіштерін жақсарту шегінде, кәсіпорындардың, бизнес құрылымдарының басшыларымен жеке кездесулер өткізілуде. 2018 жылдың 10-шы сәуірінде ЖИТС орталығының эпидемиолог дәрігері- Ш.Торебаев «Көкшетаулық қашықтық жолы», Ақмола бас желі бөлімінің «ҚТЖ» АҚ, Ақмола ҚТЖ бөлімінің «ҚТЖ жүк тасымалдау» АҚ басшыларымен кездесті.
Кездесу барысында АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды таңбалау мен шеттету сұрақтары талқыланып, тұрмыстық жағдайда жұқпаның қауіптілігі жоқ екендігін, вирустың ауа арқылы, қол алысқанда және ортақ ыдыстарды, бассейнді, моншаны қолданғанда жұқпауы мүмкін екендігін ерекше белгілеп әңгімеледі.
АИТВ-инфекциясы бизнеске ешқандай жағымсыз әсер әкелмейді, Қазақстанда АИТВ-ға тексерілу және емделу мемлекет есебінен жүргізіледі.
Кездесу соңында ДЭФ БЖЖИ сауалнамалары және таралу жолдары бойынша сауалнамалар өткізіліп, бизнес-құрылымы басшыларына ақпараттық кестелер берілді.